Инвесторлардың құқы қорғалып жатыр
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың құқын қорғау қазір өте өзекті. Өйткені инвесторларды сот дауларына тарту көбейген. Ел Президенті инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың заңды құқын қорғау жүйесін жетілдіру мемлекетіміздің стратегиялық міндеті екенін атап өткен болатын. Былтыр елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд доллар болды. Бұл 2021 жылғыдан 17,7%-ға артық. Бір айта кетерлігі, шетелдік инвестицияның 60 пайыздан астамы қазірдің өзінде экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Осы тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айынан бастап маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтінін айтқан еді.