Салық төлеуге кімдер міндеттеледі?
Базарда тұрған кей ағайын мен дүкеншілер жұртты әуреге салып қойды. Такси жүргізушілерінің де біразы қолма-қол ақша сұрайды. Өйткені биылдан бастап жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын салық органдары тексереді. Салық төлеуден қашқандар енді бұқарадан қағаз ақша талап етуге кірісті.