Ана мен баланы аялай алмасаң, заңға өкпелеме!
Балаға озбырлық көрсеткендер өмір бойы түрмеде отырады. Мәжіліс депутаттары әйел құқығы мен бала қауіпсіздігіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді педофилдерге еш аяушылық жоқ. Баланың өмірін қиғандар да түрмеден шықпайды. Айта кету керек, құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді.
Бұл заң жобасы мәжілісте қызу талқыға түсті. Өйткені әйел мен бала қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кім-кімді болмасын толғандыратыны анық. Сондықтан аталған заң жобасына қатысты нормалар, толықтырулар мен өзгертулер егжей-тегжей зерттеліп, депутаттар тарапынан көп сұрақ туындатты.