Жыл басынан бері 1306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Енді «қандас» мәртебесін алу үшін өтініш білдірген адамдардың ұлты қазақ екенін анықтау тәртібі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру жобасын екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтардың жеке отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері және олардың ортақ балалары енгізілетін норма күшіне енеді.