Ысырапшылдыққа жол жоқ
Ысырапшылдыққа жол жоқ. Ұлттық құрылтайдың 3-ші отырысында Президент халықты осы жаман дерттен арылуға шақырды. Жасыратыны жоқ, қазір елде су мәселесі өте өзекті. Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Ал бізде бұған мүлде кереғар жағдай қалыптасқан. Қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы бір кісідей жұмылуы керек. Мұны әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті деп түсіну қажет. Себебі бұл – ұлттың болашағына тікелей қатысы бар мәселе.