Инвесторларға қолдау күшейеді
Ел Үкіметі инвесторларға жағдай жасап, алаңсыз жұмыс істеуіне жол ашпақ. Мәселен биыл 234 инвестициялық жоба іске асады. Оның жалпы құны 2 трлн теңгеден асады. Қазір инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.