Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет
Елімізде 400 мыңдай адам букмекерлер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Бұл былай қарасаң бүтін бір қаланың тұрғын санымен пара пар көрсеткіш. Осыған қатысты жақында Мәжілісте ойын бизнесі туралы заң жобасы таныстырылды. Депутаттар бұл құжатқа тез арада тиісті өзгертулер енгізіп қабылдамасақ, қоғамға қауіп төніп тұр деді.