Елімізде 8,5 млн азаматтың несиесі бар
Елімізде енді кез-келген адамға несие берілмейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтарға тұтынушылық несие беру шарттарын қатаңдатады. Заңға енгізілген бірқатар түзетуді жақында Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Ал өтелмеген несиелер бойынша өсімпұл есептеуге де тыйым салынады. Тұтынушылық несиенің шекті мөлшері де белгіленді. Банктер 5 млн теңге, шағын қаржы ұйымдары 2 млн теңгеден көп қарыз бере алмайды.