Тұрмыстық жанжал шығарғандар заңмен жазаланады
Мемлекет басшысы әйел мен балаларды қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды. Құжат қызу талқыдан өтіп, оған түзету енгізу ісіне қоғамның әр мүшесі қатысты. Нәтижесінде әйелдер мен балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдап, отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Атап айтсақ, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылды. Құжатта қарастырылған нормалар мұнымен шектелмейді. Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.