Зиянды жұмыс істейтіндерге арнайы төлем төленеді
Елімізде зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді. Төлем 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде еңбек жағдайлары зиянды жұмыста ұзақ уақыт бойы істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында жасалып отыр.