Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады?
Жалған ақпаратқа тұсау салу мүмкін болмай барады. Әлеуметтік желіде, интернет ресурстары да өтірік мәліметке толы. Былтыр 40-тан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Десе де алаяқтар алайын жияр емес. Ақпарат тұтынушылардың көбі мәліметтің рас өтірігін ажырата алмайды. Әсіресе апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайтыны белгілі. Ел заңнамасына сәйкес фейк таратқандар жазаланады. Бірақ көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығынан бейхабар. Елімізде жалған ақпарат таратқандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.