Елімізде сот қызметі жетілдіріледі

Соттардың қызметін одан әрі жетілдіру жолындағы негізгі міндеттерге Президент арнайы назар аударып отыр. Мемлекет басшысы, соттардың шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігін беру маңызды екенін айтқан болатын. Биыл шілде айында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды. Ол өз қызметіне келесі жылдың 1 шілдесінен бастап кіріседі.