Заң мен тәртіпті сақтау – прокурорлардың басты міндеті

Заңдылық пен құқық қорғау жүйесінің мызғымас негіздерін сақтап, адамның құқықтарын қорғау – Прокуратураның басты міндеті. Бұған елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қосыңыз. Осы тұрғыда аудан прокурорларының атқарар рөлі зор. Өйткені олар құқық қорғау жүйесінің алдыңғы шебінде жұртшылықпен тікелей байланыста жұмыс істейді. Әрбір қала, аудандағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі олардың тікелей назарында. Еліміздің Бас прокурорының бастамасымен Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі» атты аудан прокурорларының бірінші форумы өтті. Алқалы жиында ашық пікір алмасып, түрлі тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ құқық қорғау мамандары ұсыныстарын айтып, сын-ескертпелерге жеке тоқталды.