Экологиялық заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар
Былтыр Парламент 100-ден астам заң жобасын қабылдаса, заңнамалық нормалардың басым көпшілігі қаңтар айынан бастап күшіне енді. Мәселен, жаңа жылдан бастап кедейлік шегі жаңаша есептеледі. Енді ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне емес, тұрғындардың медиандық табысына қарай белгіленеді. Яғни орташа күнкөріс табысына байланысты есептеледі. Айлық кірісі медиандық табыстың 35%-на тең болса, адам кедейлік шегінде деген сөз. Бұл Әлеуметтік кодекске енген маңызды өзгерістің бірі. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Еңбек кодексі, Экологиялық кодекс, Қылмыстық-процессуалдық Кодекс, Жеморлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және өзге де бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.