Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылады

Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылмақ. Заң бойынша жаңа жүйеге енгізілген кәсіпорындар ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады. Мәжіліс депутаттары Қытай тауарларына Қазақстанда жасалған логотипін жабыстырып, саудасын қыздыратын кәсіпкерлер көбейгенін айтады. Олар тіпті жалған құжатпен тендерге қатысып, қаражат алады екен. Осы келеңсіздікке тосқауыл болу үшін депутаттар бірауыздан жаңа заң жобасын мақұлдады.