Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді
Елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмысты да ізін суытпай анықтауда бейнекамералардың септігі көп. Жылдың алғашқы тоқсанында-ақ полицейлер 2 мың қылмыстық істі осылай ашқан. Қазір ел аумағында 1 млн 318 мың бейне бақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олардың көмегімен жыл басынан бері 155 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ашылған қылмыстық жағдайлардың саны 2 мыңнан асты.