Жолдар қысқа дайын ба?
Қылышын сүйретіп қыс келді. Жолшылар үшін құрылыс маусымы аяқталғанымен, маңызы одан бір мысқыл кем емес. Жауапты жұмыс баталады. Ол - ақ қар, көк мұзда жолды күтіп ұстау. Оның үстіне қысы боранды келетін арқада бұл машақаты мол іс. Біз Астанадан Теміртау қаласына бет алдық. Желдің екпіні қатты, алда қыс келе жатыр. Ендеше осындай маңызды науқанға жолшылардың дайындығы қалай? Бүгін бағдарламада соны бірге білеміз.