Ақылы жолдар шығынын ақтап жатыр ма?

Қазір еліміздің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағатта жетуге болады. Әсіресе ақылы жолдардағы жағдай бұған мүмкіндік береді. Бірақ бір шарт бар. Үнемделген уақытыңызға орай ақша төлеуді ұмытпаңыз. Былтыр «ақылы жолдардың» қызметінен ел қазынасына 30 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл сома алдағы жылдары тағы 10 млрд теңгеге көбеймек. Жиналған қомақты сома қайда және жұмсалып жатыр?