Жол ісіне салғырт мердігерлерге тоқтау бар ма?

Елде соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда қомақты қаржыға қарамастан, жолға қатысты сын азаймай тұр. Мемлекеттік органдар соңғы екі жылда азаматтардың 20 мыңнан аса арыз-шағымын тіркеді. Саладағы түйткілдерді жою туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Қазір бұл бағытта қандай іс-шаралар қолға алынды?