Жол саласы – жауапкершілігі мол жұмыс
Ұшса құстың қанаты таланатын байтақ даламыздың бір қиырын екінші бір қиырына жалғап жатқан ұзыннан ұзақ жолдар. Елімізде жолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымнан асады. Кейінгі жылдары қатқыл табанды жол желісін жақсартуға мемлекет айрықша көңіл бөліп отыр. Айталық, былтыр 12 мыңнан астам жолда құрылыс басталды. Биыл да бұл іс жалғасады. Алайда жолды салудан бөлек, оны күтіп ұстау - машаһаты һәм жауапкершілігі мол жұмыс.