Қарағандыда бұзақылар саябақтағы декорацияларды қиратты
Қарағандыда бұзақылар орталық саябақтағы жаңажылдық декорацияларды қиратқан, деп хабарлайды 24KZ. Түнгі уақытта олар 11 метрлік кеме мен өзге де образды, безендірулерді бүлдірген.
Мұнда 149 бейнебақылау камерасы бар. Тәртіп бұзғандарды анықтау үшін барлық жазбалар мұқият тексеріліп жатыр. Оларға айыппұл салынады немесе 20 тәулікке дейін қамауға алынады.
Марат Ғалиев, Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөлімі басшысының орынбасары:
- Саябаққа келушілер өте көп. Қазір бейнебақылау жазбаларын тексеріп жатырмыз. Бұл аумақта екі жаяу патруль және бір полиция бекеті жұмыс істейді. Тәртіп бұзғандардың жеке тұлғасы нақтыланған соң жазаға тартылады.