Тоқаев МАГАТЭ-нің Бас директорын қабылдады
Қазақстанда атом электр станциясын салу, және техникалық саладағы ынтымақтастық.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев бүгін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады. Мемлекет басшысы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздікті нығайтуда, агенттіктің рөлін атап өтті. Рафаэль Гросси құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау үдерісі көшбасшыларының бірі әрі жауапты жақтаушысы ретінде Қазақстанның ролін жоғары бағалады.