Астаналық оқушылар ертең де қашықтан оқиды
Астанада аяз. Ертең күн райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда 11 сыныпқа дейінгі оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Синоптиктер бүгін түнде ауа температурасы 33 градусқа дейін түседі деп болжам жасап отыр. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері күн райы тұрақсыз болады.