Президент Farabi Hub орталығының жұмысымен танысты
Ғылым - қасиетті сала.
Бірақ Қазақстанда ол жемқорлықпен қатар аталып жүр. Жұмыс сапарымен Алматыға барып, отандық ғалымдармен кездескен Президент осылай деп, ғылыми жүйедегі бірқатар олқылықты атап берді. Миллиардтар бөлінеді, бірақ нәтиже мардымсыз. Тіпті жобасы күйрегендер қайтадан қаржы алып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды толық қайта қарау қажеттігін алға тартып, жүйелі өзгерістер енгізуді талап етті.
Риат Шони, тілші:
- Farabi Hub – инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы. Аумағы 8 мың шаршы метр болатын бұл хабта заманауи зертханалар жұмыс істейді. Мұнда ғылыми әзірлемелер нақты экономикаға енгізіліп, креативті индустрия, жасанды интеллект және стартаптар дамып жатыр. Соның нәтижесінде 300 жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан астам инвестиция тартылған. Ал осы ғылыми әлеуеттің нақты нәтижесінің бірі мына микроспутник. Мұнда тұрғаны әрине оның макеті. Бұны ҚазҰУ мен Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті бірлесіп жасаған. Былтыр бұл наноспутник орбитаға сәтті шығарылған. Енді қазір ғалымдар жаңа жерсерігін әзірлеу үстінде. Ол жыл соңына қарай ғарышқа ұшырылып, Жердің гравитациялық өрісі мен радиация деңгейін зерттемеу мүмкіндігін бермек. Ол Орталық Азияда төңірегінде жасалған алғашқы университеттік микроспутник болмақ.
Ғылым-білімі дамыған елдерден қалыс қалмай, асығымыз алшысынан түсу үшін осындай зерттеу бағыттарын дамыту маңызды. Тіпті, жаңадан қабылданған Ата заңымыздың өзінде тұңғыш рет ғылым мен инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Енді отандық мамандарға, озық ойлы жастарға бар мүмкіндік жасап, қолдау жайы мықтап қолға алынған.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Осы соңғы бес жылда жүзден астам мықты-мықты зертханалар ашылды. Енді біздің студенттеріміз, біздің оқытушыларымыз, ғалымдарымыз қолданбалы форматта тек қана білім алмай, зерттеулермен айналысуға осы үлкен модельмен трансформацияны бастап кеттік.
- 10 университетке қазіргі таңда осындай зерттеуші формат берілді. Сәтбаев университетінде соңғы үш жылдың ішінде сол жүзге жуық өте мықты зертханалар ашылды.
Қазір осындай форматтағы технопарктер мен инжиниринг орталықтары 16 университетте ашылып жатыр. Бұндай хабтар жас ғалымдарға тың бағыттарды игеру мен өз жобаларын жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді. Мәселен, бұл Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы. Қазір қос елдің ғалымдары бірлесіп әл-Фараби ұлттық университеті қабырғасында алғашқы кванттық компьютерді жасап жатыр.
Медеу Әбіш, Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығының директоры:
- Енді кванттық технологияларға келетін болсақ, ол ақпараттық қауіпсіздікте, байланыста. Өте нәзік сезімтал сенсорлардың түрлерін шығаруда өте күшті бізге қолғабыс болады. Ал енді сол осы материалдарды, сенсорларды алып немесе жаңа компьютерлерді алатын болсақ, оларды мысалы медицинада қолдануға болады. Медицинада біз сенсордың көмегімен клеткада болып жатқан өзгерістерді, бір клетканың ішіндегі өзгерістерді алдын-ала байқай аламыз, әлдеқайда ерте қалыпты жағдайлардан. Сондықтан көп емделмейтін аурулардың алдын алуға болады осылай.
Ғылым — стратегиялық басымдық
Бір сөзбен айтқанда, инновация бағытында қазір үлкен революция болып жатыр. Ауқымды өзгерістерді бүгін Фараби хаб жұмысымен жіті танысып шыққан мемлекет басшысы да атап өтті. Мұнда Президентке суперкомпьютер кластері көрсетілді. Оны құруға 23 миллион доллар инвестиция тартылған. Жалпы университет қазір жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Негізі мемлекет соңғы 5 жылда ғылымды қаржыландыру көлемін едәуір арттырған. Қазір жыл сайын бұл бағытқа 600 млрд теңгеден астам ақша жұмсалады. Бірақ бұның тиімділігі болмай тұр. Демек, қазынадан қырып берген қаржы желмен кеткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Генеральная прокуратура выявила многочисленные и вопиющие нарушения в профильном министерстве и Фонде науки. Очевидно, что систему обеспечения нужно менять на всех этапах процесса, начиная буквально с аккредитации грантополучателей. Вообще, в моем понимании наука и коррупция — это естественные антагонизмы. Они не должны стоять вместе. Наука — это что-то святое, близкое к облакам, а коррупция — это то, что на дне преисподней. Но на самом деле в нашей реальности наука и коррупция стали идти вместе.
Тағы Президент бөлінген мемлекеттік қаржыны игеру проблемасына ерекше тоқталды. Қазір ақшаны оңды-солды шашып, болмайтын жобаларға жұмсап, әйтеуір есеп-қисапты дұрыс тапсыра салу үрдісі қалыптасқан. Мәселен, 3 мыңнан астам қолданбалы ғылыми жобалардың тек 193-і ғана коммерцияландырылып, нақты нәтиже көрсеткен. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев артылған ақшаны мемлекетке қайтару механизмін реттеуді алға тартты. Тіпті, қажет болса қолданыстағы заңды да өзгертейік, дейді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Несмотря на созданную многоступенчатую систему контроля, недобросовестные исполнители, провалившие свои проекты, получают повторное финансирование. Речь идет о десяти, как минимум, руководителях, которые провалили свои проекты, но повторно получили гранты на сумму 2,3 миллиарда тенге. Вот что показала проверка Генеральной прокуратуры.
Жасыратыны жоқ, алдыңғы жылдары елімізде заңгерлер, филологтар мен дипломаттар, яғни гуманитарлық бағыттағы мамандар көп оқытылды. Енді ұлттың менталитетін өзгертіп, оны ғылым мен технологияға бұру қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мы должны сделать ментальную революцию в Казахстане. Об этом я постоянно говорю. Роль современных университетов — формирование нового поколения граждан: образованных, здравомыслящих, ответственных за будущее страны. Именно университеты создают интеллектуальную ауру государства. Не следует воспринимать образование как исключительно социальную услугу. В современных, быстро меняющихся реалиях образование уже стало важной производительной силой.
Тағы бір өзекті мәселе - заманауи әлемді алға сүйрейтін инженерлерді даярлайтын отандық жоғары оқу орындарына бөлінетін грант жайы. Қазір мемлекет шетелдік университеттердің филиалдарына көбірек қаржы бағыттайды. Нәтижесінде, бір студентті оқытуға бағытталатын бюджеттік қаражат шетелдік филиалдарда отандық білім ордаларына қарағанда шамамен бес есе жоғары.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Мұндай жағдайда бәсекелестік туралы сөз айтудың өзі орынсыз болуы мүмкін. Сондықтан үкімет шетелдік жоғары оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта қарап, тиісті талдау жүргізуі керек. Бұл әрине нәзік мәселе. Себебі кезінде тиісті шарттарға қол қойылды. Бірақ қажетті дәлелдерді пайдаланып, шетелдік тараппен келіссөздер барысында осы мәселені қозғауға тырысу керек. Бұдан бөлек шетелдік филиалдардың инвестиция тартуына баса назар аудару қажет деп санаймын.
Шетелдік демекші, өз сөзінде Президент ғылымдағы имиграция жайын да қаузады. Яғни озық ойлы, алғыр ғалымдарды елге тартып, техноголиялық серпіліс жасау керек. Қазақстанға пайдасын бере алатын шетелдіктерге барынша қолайлы жағдай жасап, арнайы визалар, салықтық жеңілдіктер мен басқа да қолдау тетіктерін қарастыруды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Ведь мы уже предоставляем особые условия иностранным дипломатам. Почему бы не распространить подобный подход на выдающихся ученых и специалистов мирового уровня? Можно было бы внедрить специальный механизм: по решению отдельной комиссии, возглавляемой на высоком уровне — например, премьер-министром — присваивать таким людям особый статус. Речь не о гражданстве, а о предоставлении определённых привилегий, сопоставимых с теми, которыми пользуются обладатели дипломатических паспортов.
Негізі қазір Қазақстанда 420-дан астам ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Бұнда 27 мыңға жуық ғалым еңбек етеді. Бұл үлкен кұш. Оның ішінде әйел ғалымдардың үлесі өте жоғары. 13 мыңнан асады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сөзімнің соңында ғылымның маңыздылығы туралы тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан ғылымының әлеуеті өте зор. Осыдан біраз уақыт бұрын Кеңес Одағының Сыртқы істер министрі Громыконың мынадай бір сөзі есіме түседі. Ол былай деген екен: «Допустим, у нас в министерстве работает 1000 қызметкер. Осы 1000 қызметкердің әрқайсысы бір-бір беттен ақылды мәтін жазатын болса, ол 1000 бет болады. Ал ол 1000 бет дегеніміз — бүкіл әлемдік саясаттың бағдарламасы».
Ғалымдар алдында негізгі мәселелер мен түзеу керек бағыттарды айқындап берген Президент сала дамуына үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады. Айта кету керек, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректорына үшінші дәрежелі Барыс орденін табыстады. Осылайша Жансейіт Түймебаев Барыс орденінің толық кавалері атанды.
Риат Шони, Ержан Қанапияұлы және Айдос Ентебеков