Абайлаңыз, импорт! Автокөлікті бірге таңдайық

programma-avtokreditovaniya.ru

Бүгінде ірі қалаларда адамдардың санымен бірге автокөліктер де артып келеді. Бірі қажеттілік үшін, енді бірі ескіні жаңарту үшін автосалондарға барады. Оны таңдау ұзақ әрі жауапты іс. Сатып алынатын тауар тұтынушының бір емес бірнеше талаптарына сәйкес болуы шарт. Ендеше бағасы қымбат техниканың сапасы құнына сай болуы үшін нені ескеру қажет? Мамандар не дейді? Көлікті сынаудың қандай амалдары бар? Елімізде өндірілетін отандық автокөліктердің сапасы қандай?