Құрылыс жобасы. Электр қондырғылары қалай орнатылуы тиіс?

snowman.com.au

Мамандардың есептеуінше барлық өрттің 18 пайызы электр сымдарының тұйықталуынан болады. Олардың көбі құрылыс нысанын салу кезінде электр кабельдерінің дұрыс орнатылмауы мен істен шығуынан орын алады екен. Сондықтан электр сымдарын монтаждау жұмыстарына кіріспес бұрын кәсіби мамандар желіні жоспарлап алады. Ол жұмыстардың қалай жүргізілетінін осы шығарылымда тарқатамыз.