loader

Қазақстанда бір тәулікте 39 адамнан коронавирус анықталды Anadolu Agency

Қазақстанда бір тәулікте 39 адамнан коронавирус анықталды

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 39 адамнан анықталды, тағы 3 адам коронавирус пневмониясын жұқтырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жалпы 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 8 қазанға дейін аталған індетке 1 393 974 адам шалдықты. Қаза болды: 13692 науқас. Ал пневмония 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 7 қазанға дейін 90 096 адамда тіркелді. Қайтыс болды: 5 360 пациент. 

Қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 082 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан – 945 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 137 (КВИ-) науқас. 

116 пациент стационарда жатса, 966 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

- 6 адамның жағдайы ауыр, 

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Еске салайық, 7 қазандағы тәулік ішінде ел өңірлерінде коронавирус инфекциясы - 51 адамнан, коронавирус пневмониясы 4 адамнан анықталған болатын.

Сондай-ақ...