Президент Иманбек Зейкеновті Grammy сыйлығын алуымен құттықтады

Президент Иманбек Зейкеновті Grammy сыйлығын алуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!», - деп жазды Берік Уәли.

Қазақстандық Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Иманбек Зейкенов Grammy-дегі жеңісі туралы ойын айтты

Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады