Екінші медаль: Игорь Сон – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

Екінші медаль: Игорь Сон – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Токиодағы Олимпиада ойындарынан қуанышты хабар.

Бұл жолы ауыр атлетикадан Игорь Сон Қазақстан қоржынына қола медаль салды. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз алды. 

Алтын медаль қытайлық Ли Фабинға бұйырса, екінші орын индонезиялық Ираван Эко Юлиге тиесілі.

Әзірге қоржынымызда екі медаль. Оның алғашқысын дзюдошы Елдос Сметов еншілеген болатын. Елдосқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі бұйырды.

25 шілдеге арналған жарыс кестесі