Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды

Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды

Junior Eurovision байқауының ұлттық іріктеуіне өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Jevision.khabar.kz сайтына өтінімін жібергендердің арасынан 30-сы келесі кезеңге өтеді.

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде, яғни 2021 жылдың 19 желтоқсанда, үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек).

Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады.        

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. 

Екінші кезең – бұл  халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділқазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.

Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады. 

Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділқазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.

Қазақстан аумағында Junior Eurovision Song Contest сайысы «Хабар» телеарнасында трансляцияланады.