23 ақпанда утилизациялық алым көлемі анықталады

23 ақпанда утилизациялық алым көлемі анықталады
kolesa.kz

Ертең елдегі утильдік алым мөлшері белгілі болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, оған автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасы да кіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпанның басында министр алым мөлшерін қоғаммен кеңесе отырып қабылданатыны туралы айтқан еді. Ал ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі утилизациялық алым азайса да, көлік бағасының арзандауы екіталай дегенді алға тартқан. Қайырбек Өскенбаевтың пікірінше, утильсалым автокөлік бағасының қалыптасуына аса ықпалын тигізбейді.

Айта кетейік, бұған дейін утильдік алымды алып отырған «Оператор РОП» еншісінде 220 млрд теңгеден аса қаражат болған. РОП жабылған соң ол қаражат түгелдей жаңа басқарушы компания «Жасыл дамуға» өтті.