Құрбан шалу – ғибадат

Бүгін Құрбан айттың бірінші күні. Бұл Ислам дінінде әр мұсылмағанға міндет рәсім. Құрбан шалу ұлы ғибатат саналады. Сонау Ибраһим пайғамбар заманынан келе жатқан амал.

Биыл жұрт құбандықты «Qurban2022.kz» сайты арқылы онлайн шала алады. Тұрғындар үшін 4 түлік бар. Ниет білдіргендер таңдау жасап, тапсырыс береді. Қаражатын аударады. Кейін сойылған малдың есебі келеді. Құрбандығы шалынып, мұқтаждарға таратылады. Қазір қойдың арзаны 50 мың теңгеден сатылып жатыр. Маңғыстауда ірілері 100 мыңнан асады. Ірі қара 350 мыңнан басталып, жарты миллионға дейін жетеді. Құрбандық малын базарға барып, өзіңіз таңдап алсаңыз да болады. Ұлық мейрамда «Зекет» қоры мұқтаж отбасыларға көмек беріп, бірнеше бағытта қайырымдылық шарасын өткізеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер маңына киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Мейрам шілденің 11-іне дейін жалғасады.