Елімізде 794 адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 794 адам коронавирустан емделіп жатыр
Anadolu Agency

29 қазандағы мәлімет бойынша 794 адам коронавирус инфекциясынан (–653+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Қ

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 2 адамның жағдайы ауыр,

– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Айта кетейік, өткен тәулікте елде 8 адам коронавирус жұқтырып, 45 адам аурудан айығып шықты.

Сондай-ақ бүгінгі 10 842 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 215 адам II компонентін салдырды. Ревакцина жасағандар саны – 5 604 887.