476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

  • 226
  • UPD: 17:58, 22.07.2022
Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.

Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы