Энтони Блинкен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі

Энтони Блинкен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі

Елімізге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми сапармен келді.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған. Бұл мәртебелі қонақтың Қазақстанға алғашқы сапары. Оның қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының “С5+1” форматындағы министрлік кездесуі өтеді.