Қ.Тоқаев И.Алиевпен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері Ақордада шағын құрамда келіссөз жүргізді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Кездесу барысында Президент "Кавказ аймағында жетекші роль атқаратын Әзербайжан мемлекетімен экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз. Біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Тек ғана осы бағытта алға ілгерілеуге деген ниет бар екендігін жеткізді.

Айта кету керек, былтыр тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге барып, нәтижелі келісімдерге қол жеткізген болатын. Енді президенттердің екі ел үкіметіне берген тапсырмаларының орындалу барысын пысықтау қажеттілігі туып отыр. Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас әрі достас мемлекеттер. Сондықтан сауда-экономика және инвестиция салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, қос тарап зор мән беріп отыр.