Мемлекет басшысы «Атамекен» президиумының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту, отандық кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі айтылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеу керек деді. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін ескертті.