Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып отыруы керек – Тоқаев

Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек.

Мемлекет басшысы бүгін осыны тапсырды. Сосын бұл жұмысты, орталықта және аймақтарда жүргізу керек екенін айтты. "Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде, шынайы пікір алуан-дығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Алайда ел бірлігін сақтауға келгенде, біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек. Этнос-аралық келісім саясатында сөз бен іс, бір жерден шығуы тиіс" деді.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз.