Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты. Біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз. Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», - деді Президент.