Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президент құттықтауында «Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке» делінген. «Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі. Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді». Ақорда сайтында жарияланған құттықтауда осылай деп жазылған.