9 мамыр Жеңіс күні

Бүгін Жеңіс күні. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 78 жыл.

1941 жылдың маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға созылған майданға 1 млн 200 мың қазақстандық аттанды. 600 мың жауынгер соғыстан қайтып оралмады. Жалпы қанды қырғында бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық тұрғыны қаза болды. 500-ден астам қазақстандық жауынгерге "Батыр" атағы берілді. Халқымыздың қаһарман перзенттері қан майданда ерліктің ғажайып үлгісін көрсетті.

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды даңқты бабаларымыздың ерлігі ел есінде. Майдан үшін еңбек еткен тыл ардагерлерінің ерен еңбектері де ешқашан ұмытылмайды. Мерекеге орай елімізде көптеген шаралар өткізіліп, қатары сиреп қалған майдангерлерге құрмет көрсетіліп жатыр.