ЖЕЭК аясында Қазақстан бірқатар маңызды құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.
Шағын форматта өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті - жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович те болды. Жиын барысында мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Одан соң тараптар кеңейтілген құрамда бас қосып, өзара қатынасты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.