Президент Shell компаниясының басшысымен кездесті

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.