Президент Адам құқықтары жөніндегі омбудсменді қабылдады
Азаптауға қатысты тергеу жүргізіледі.
Құқық қорғау органдарына бірқатар ұсыныс берілген. Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айтты. Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысын баяндады. Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2318 өтінішін қараған. Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңартылды. Балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттерінің де алдын алу басты назарда. Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барған. Кездесу соңында Президент мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқығын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.