Қ.Тоқаев: Әділетті Қазақстанды құруға бүкіл қоғам жұмылуы керек

Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады.

Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайдың отырысында осындай пайым айтты. Отанға, отбасына адалдық, парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады.