Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президенттер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Басқосуда тараптар геосаяси жағдайға қатысты ашық пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары қос ел ынтымақтастығын нығайтуға жол ашатынын атап өтті. Енді білім, геология, өнеркәсіп және экономика салаларында ортақ жобалар іске асады.
Бүгін президенттер бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу туралы келісім бар. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Германия кәсіпорындары жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамытады. Ақорда барлығы 9 құжаттың тізімін жариялады.