28 маусым Құрбан айт мерекесі
Бүгін иісі мұсылман қауымы үшін ең ұлық мереке – Құрбан айт басталды.
Құрбан шалу 30 маусым, кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Ол дәулетті, азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға міндет. Барлық мал құрбандыққа жарамайды. Тек төрт түліктің бірі болуы керек. Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн түрде өтеді.