Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Президент еліміздің журналистері озық ой мен тың идеялардың таралуына дәнекер болып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтеретінін атап өтті.
"Отандық медиа саласы қаламы жүйрік, ойы ұшқыр тілшілер қауымының кәсіби біліктілігі мен күнделікті тынымсыз еңбегінің арқасында дамып келеді. Қазақстан журналистері өз ісінің хас шеберлері ғана емес, азаматтық ұстанымы берік патриоттар" делінген құттықтауда.