Президент Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

«Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді.

Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауында осылай делінген.

«Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді. Айттан айтқа аман-есен жете берейік!» деп түйіндеді Мемлекет басшысы құттықтауын.