«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты

Павлодар облысы Шарбақты ауданында, «Ертіс орманы» резерватында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын-ала болжам бойынша, жалын шарпыған аумақ – 400 гектар. Төтенше жағдайлар департаменті және орман шаруашылығы қызметкерлері бірігіп, тілсіз жауды сөндіруге сағат 14:55-те кіріскен. Бастапқыда жалын Сүгір ауылына дейін жетеді деген қауіп болды. Бірақ қазір елді мекендерге төніп тұрған қатер жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм арнасы.

Өрт сөндірушілердің жұмысын ыстық, құрғақ ауа райы және қатты жел қиындатқан. Жағдайды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Асаин Байханов барды.